Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Элементтердің периодтық системасы – табиғи система.




Қазіргі бейорганикалық химияның орасан зор нақты материалдарын жүйелі, мақсатты және саналы түрде зерттеу жетекші принципсіз мүмкін емес. Ол рольді Периодтық заң және оның графиктік көрінісі элементтердің Периодтық системасы атқарады. Периодтылық құбылысының физикалық мәні атомдардың электрондық құрылысының ерекшелігінде.

Атомдардың электрондық құрылысы туралы қазіргі квантты-механикалық ұғым негізінде Периодтық системаның құрылымын нақтылы талдауға мүмкіндік туды. Сонда элементтер қасиеттерінің өзгерісіндегі жалпы заңдылықтар (олардың топтар және топшалар бойынша орналасуы) ғана емес, олардан тереңірек ұғымдар – екіншілей және іштей периодтық, көлденең және қиғаш ұқсастықтар айқындалады. Топтағы элементтер қасиеттерінің біркелкі емес өзгеру сипатын түсіндіретін негізгі түсініктердің бірі – кайносимметриялы орбитальдар және кайносимметриялы элементтер туралы ұғым болып табылады. Химиялық элементтердің Периодтық системасы – табиғи система. Элементтердің химиялық қасиеттері – элемент атомының электрондық құрылысының функциясы. Егер элементтердің электрондық құрылысын және химиялық қасиеттерін салыстырсақ, бұл мәселеде мынадай ұқсастық немесе аналогияны байқауға болады:

1) топтық;

2) типтік аналогия;

3) типтік элементтер;

4) толық және толық емес аналогтар;

5) қабаттық;

6) контракциялық немесе шринк-аналогия;

7) көлденең;

8) қиғаш аналогия.

 

Элементтердің жалпы сипаттамасы олардың электрондық қабатының шекті сиымдылығымен байланысты. Электрондық қабаттары толтырылуының периодтық сипаты элементтер және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерінің периодтық өзгеруіне әкеледі. Периодты өзгеретін қасиеттері:

1) орбитальдық радиус;

2) электрон тартқыштық;

3) иондану потенциалы;

4) максималь тотығу дәрежесі;



5) металдық және бейметалдық қасиеттері;

6) қышқыл-негіздік қасиеттері;,

7) тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері;

8) салыстырмалы электртерістік (СЭТ).

Элемент атомдарындағы электрондарды үлкен 2 топқа бөлуге болады:

1) дор – электрондар (гректің «қалтқы» деген сөзінен), бұлар және электрондар;

2) бент – электрондар (гректің «тереңдік» деген сөзінен), бұған және электрондар жатады.

дор- периодтық системаның негізгі топшаларын түзетін элементтерге жатады:

, - сілтілік, сілтілік-жер металдары,

- қалған негізгі топша элементтері.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2017 год. (0.008 сек.)