Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.




Дәріс, №4, №5

Тақырып:Тәуелсіз Қазақстан және қазақ диаспорасы.

Дәрістің мақсаты: «Менталитет» ұғымына, қазақ диаспорасына тән менталитетке, Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы, Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы арасындағы өзара қатынастарды терең танып-білу үшін құндылықтық деңгейдегі әр қилы байланыстарға тоқтала отырып, студенттерге қандас бауырластарымыздың сана-сезімін, дүниетанымын терең танып білуіне жағдай жасау.

Тірек сөздер:Нигилистену, маргинал, жаһандану,менталитет, бейсаналық, интеграция, репатриант этникалық кеңістік, т.б.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер. 2. Қазақ диаспорасы - тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық. 3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.

 

Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.

Қазақ диаспорасының кешенді мәселелерін зерттеу барысында назар аударатын ерекше мәселе - алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп отырған қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының әр түрлі деңгейдегі көріністері және оралман-репатриант қазақтардың этникалық дүниетанымындағы күрделі өзгерістерді зерделеу. Әрбір халықтың ғасырлар бойы қордаланатын рухани әлемі болады. Оның тарихи қалыптасуына, дамуына және келесі ұрпаққа сабақтастықпен жалғасып отыруына себепкер болатын көптеген факторлар мен жағдайлар жүйесі болуы тиіс. Яғни ол халықтың көптеген жылдар бойы бейімделген әлемді түсіну, түйсіну, сезіну, игеру әдеттері мен мүмкіндіктерінің жүйеленуі, бейнеленуі болып табылады.

«Қазақ диаспорасы» құбылысы соңғы уақытта елімізде әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасалуға негіз болады.



Бұрынғы Кеңес Одағында ұлт саясаты үлкен бұрмалаумен жүргізіліп келгені белгілі. Көптеген халықтар өзінің ұлттық, ұлыстық дамуында тоталитарлық жүйенің қыспағын көріп келді. Соның нәтижесінде әлеуметтік кеңістікте әр халыққа тиісті табиғи-тарихи дамудан гөрі «жеделдетілген интернационалдандыру саясаты» жетекші рөл атқарған болатын. Бұндай жағдай ұлттық сананың мәңгүрттенуіне (яғни ұлттық сабақтасу заңдылығының бұзылуына), нигилистенуіне (сұрықсызданып, басқаларға еліктеушілік басымдық танытуына), маргиналдануына (шала ұлттанып, шекаралық қасиеттерге иемденуге) әкеліп соқтырды. Әлбетте, адамзат тарихында үлкен, дамыған халықтар саны аздау ұлыстарға қай жағынан болса да өз ықпалын жасап отырған және болашақта да әсер ете бермек те. Бұл процесті соңғы уақытта жаһандану (кейде «ғаламдану» деген ұғымда қолданылады) деп атайды.

Ал, енді этнопсихологиялық аспектілерді қарастыру барысында оның іргелі категориясы болатын «менталитет» ұғымының мән-мағынасы мен шығу тегі туралы айта кеткен жөн. Менталитет немесе ментальдылық деген ұғым mens-ақыл, ой тәсілі, пайымдау, жан дүниесі деген түсініктерден туындайды. Сөйтіп, менталитет дегеніміз жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әлемді белгілі бір кейіпте, қалыпта сезіну, түйсіну және іс-әрекеттер жасау мақсатында қордаланған дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі. Ол – жеке және ұжымдық сананың терең іргестастық деңгейіндегі құбылыстарын қамтиды және бейсаналық, одан тысқары жағдайда жүзеге асып отыратын үрдістерді де бойында ұстайды.



Бейсаналық - Швейцариядағы атақты психолог Карл Густав Юнгтің түсіндіруі бойынша тек қана жеке басқа байланысты санадан тыс құбылыстармен шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар ежелгі дүниемен байланысы бар қасиеттерін атайды.

Менталитет адамдардың ішкі дүниесінің (рухани, психологиялық, саяси, діни, ұлттық, жыныстық және т.б.) тұрақты бейімділігін білдіреді. Менталитет мәселесін мынандай түрлерге бөлуге болады: балалық (жасқа байланысты), ұлттық (этникалық), азиялық (континенттік), орта ғасырлық (өркениеттік), бюрократиялық (мемлекеттік), мұсылмандық (діни) және басқа түрлері. Әрине, осы аталғандар бір-бірімен өзара байланысып, барынша бір-біріне әсер етумен болады және соның арқасында олар өзгерістерге ұшырап отырады. Әр түрлі елдегі қазақ диаспорасының бәріне тән түпкі гендік негіздер мен ұқсастықтар да бар, сонымен қатар әлеуметтік дүниеде өзіндік түзетуден өткізіп, ерекшеленген ерекшеліктер де кездеседі. Сондықтан қазақ диаспорасының менталитеті мәселесін талқыламас бұрын жалпы халыққа тән қасиеттерге тоқтала кеткен жөн. Жалпы қазақ менталитетіне назар аударатын болсақ, бұл халықтың жоғары деңгейдегі капиталистік нарықтық қатынастардың ықпалын өз тарихында терең сезінбегенін білеміз, сондықтан да болар әлі де рулық-жүздік бағдарлар кейбір жағдайларда ұлттық санадағы ұлттық біртұтастықтың қалыптасуына кедергі болуда және қазақтар соңғы кезеңдегі мешіттердің көбеюіне қарамастан мұсылман дініне толығынан берілмеген халық деуге болады және олар өзінің аруаққа сенетін далалық пірлерінен айырылған емес. Осындай қасиеттер көп халықтарда кездесе де бермейді.

Қазақ халқының үлкен бір бөлігінің басқа этникалық кеңістіктерге әр түрлі себептермен ауысып кетуінен негізінен қазақ диаспорасы мәселесін туындатқаны белгілі. «Этникалық кеңістік» деген ұғымның негізгі мәніне назар аударатын болсақ, алдымен бұл территория мәселесі екенін байқаймыз. Сондықтан «этникалық кеңістік» дегеніміз белгілі бір этностың гендік қорын, мәдениеті мен салт-санасын, тілі мен дәстүрлерін дамытуға, өркендетуге және ұдайы жаңғыртуға толық мүмкіндік алатын өзіндік әлеуметтік, табиғи және тарихи ортасы. Бұл кеңістікте әрбір халық қайталанбас ерекше біртұтас дүние ретінде қалыптасады және жалпы адамзат мәдениетін өзіндік бір жақтарымен толықтыра, байыта түседі.

Ресейде тұратын 700-800 мыңға жуық қазақтардың жартысына жуығы өздерінің өмір сүріп жатқан жерлерін ежелгі мекеніміз деп есептейді. Ресейде халқының саны жағынан қазақ диаспорасы он бірінші орында деп есептелінеді. Шынымен де қазіргі Ресей мен Қазақстан шекарасы кезінде Кеңес үкіметінің орашолақ жүргізе салған сызығымен анықталған. Сөйтіп ежелден келе жатқан қазақ ауылдары өздерінің тілінде, дінінде ұлттық бедерін жоғалтпай дамып келе жатқан 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Ресейдің (Қазақстанның өзінде де) қазақ мектептерін жабу, қазақ шоғырларын ыдыратып, өзіндік санасының біртұтастығы күштірек халықтардың (орыс, неміс) шылауында кетуіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп тоталитарлық мемлекет тарапынан саналы түрде «этникалық бәсекелесу» саясаты жүргізілді. Үлкендер жағы болмаса, жастар түгелімен еуропаорталық негізде тәрбиеленіп, ойлау мен түйсіну орыс тілінде жүріп отырды. Соған қарамастан Ресейдің қазақтары (Орынбор, Омбы, Астрахань, Саратов, Волгоград облыстары) өздерінің тілін, дінін, халықтың салт-дәстүрін жоғалтқан жоқ деуге болады.

Қазақ диаспорасының алыстағы (ТМД-ның сыртындағы) елдерінің ішіндегі көбірек қатынас жасап, барынша тәуелсіз Қазақстанға бетін бұрған Моңғолия қазақтары болып табылады. Жалпы саны 150 мыңдай қазақтардың біршама бөлігі Қазақстанның әр жеріне қоныс аударып та қойды. Ал енді олардың менталитетіндегі ерекшеліктерге келер болсақ, алдымен бұл елдің кешегі коммунистік партия заманында бастан кешіргендерін ескере кеткен жөн, яғни демократиялық мемлекет болмағандықтан қазақ диаспорасы өзіндік оқшаулықта (Қазақстанмен нашар байланыста) өмір сүрді, жалпы елдің 6 процентін құрайтын қазақтар өздері тұрып жатқан өлкеде 90 процентке жақын. Сондықтан да болар қазақтың тілі мен салт-дәстүрі жақсы сақталған. Бірақ кезінде барлық мешіттердің бәрін құртып, дінге қарсы соғыс жарияланғаннан бері мұсылмандық тұрмыстық деңгейде ғана сақталған. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын бұл өлкеде ірі кәсіпорындар жоқтың қасы, халықтың өркениетті тұрмыстан гөрі табиғи шаруашылыққа бейімділігі сақталып келген. Қазақ тілінде өтетін сабақтардан гөрі, моңғол тілінде өтетін сабақтар қазақ мектебінде басым. Бірақ жастар қазақ пен моңғол тілдерінде шатастырмай сөйлейтінін атап өтуге болады.

Қытай жерінде өмір сүріп жатқан қазақ халқының үлкен бір тобына (1,2 млн-нан аса) тоқталсақ, бұл елдің соңғы он шақты жылда экономикада қол жеткізген табыстары жоғары екенін атап өткен жөн. Бірақ идеология жағынан біздің елдің бағдарынан біраз айырмашылықтар бар, сондықтан да болар, қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайына Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдігінің келе алмауы. Қытай қазақтарының өзіндік санасының сипаттамасына тоқталатын болсақ, олар негізінен батыс мәдениетінен гөрі шығыс мәдениетінің (қытай, ұйғыр, дүнген және т.б.) және мұсылмандық салт-дәстүрдің ерекшеліктеріне көбірек бетбұрыс жасаған деуге болады. Өзінің ежелден келе жатқан мал шаруашылығымен айналысу дәстүрін сақтаған, ауыз әдебиеті сияқты қасиеттерін жақсы жандандыра білген. Бірақ әлеуметтік саладағы этникалық бәсекелестікте кенже қалуға итермелейтін құбылыстар көптеп кездеседі. Дегенмен Қытайдағы қазақтардың ұлттық өзіндік санасында болашаққа деген сенім біртіндеп орнығып келе жатқандай. Себебі, екі елдің арасында қазіргі кезеңде бірталай саяси, құқықтық мәселелер халықаралық деңгейде шешімін табуда.

Түркиядағы қазақтардың тағдыры өзіндік ерекшеліктерге толы: бұл елге негізінен қазақтар ХХ ғасырдың ортасында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған (Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак жерлері арқылы).

Ал қазіргі кезеңде Түркия жеріне барынша бейімделген қандастарымыз Еуропаны «бағындыруға», «мойындатуға» бет бұрған десе де болады. Еуропа елдеріндегі көптеген диаспора өкілдері осы Түркия жерінен тарағандар. Ұлыстың негіздері – наймандар мен керейлер. 2002 жылдың 18-19-шы мамырында Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайын ұйымдастырған да солар болатын.

Өзбекстанда өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының өзіндік санасына келетін болсақ, онда бұл республикадағы қазақтар өздерінің ұлттық келбетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін (мұсылмандық діни сананың да ықпалы зор) және бұл рухани құрылымдарды қоғамда негізінен жақсы сақтай білген. Әрине елдегі этникалық үлкен және түпкілікті халық - өзбектердің өмір салты, мәдениеті мен салт-дәстүрі өзінің ықпалын этникалық топтарға тигізуі заңды құбылыс.

Өзбекстандағы қазақтардың саны жөнінде әр түрлі деректер көрініс беріп жүр. Өзбектеніп кеткен қазақтардың санын айқындау өте қиын мәселе. Мәселен, өзбекстандық журналист Ниязи Назымның қазақтардың өзбектеніп кету себептерін көрсетуге тырысқан сөздерінен байқауға болады: «Өзбекстанда негізінен бір жарым миллион қазақ тұрады. 624 қазақ мектебі бар еді, соның жартысынан көбі жабылды. Теледидардан, радиодан бірде-бір қазақ тіліндегі бағдарлама берілмейді. Анда-санда Ташкенттен «Нұрлы жол» деген газет шығады. Қазақ тіліндегі аудандық газеттердің бәрін жапқан».


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал