Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма 2. Сызықты гидрограйлық тордың сандық үлгісін құру.




1. Жаңа кестені құрыңыз, оны картаға қосыңыз және тізім арқылы көрсетіңіз.

2. Кесте құрылымына үш өрісті енгізіңіз: Номер (тип-бүтін, таңбалар саны 2), Ұзындық (тип-нақты, таңбалар саны -2), Атауы (тип-символдық, таңбалар саны -10) – және соңғы өріс индексацияланатын екендігін көрсетіңіз.

3. Жаңа кестенің атын енгізіңіз – Өзендер.

4. 1 тапсырмасына ұқсас, ПОЛИСЫЗЫҚ құралы көмегімен оқу картасынан

өзендер мен бұлақтарды санмен белгілеңіз. Әр кестеде бір типте ғана болуы керектігін еске сақтаңыз: сызықты, аудандық, нүктелі немесе мәтіндік. Картада орналасқан аудандық объектілер түріндегі ірі өзендер басқа кестеде құрылады.

5. «Сызық стилі» сұхбат терезесінда объектілердің қажетті графикалық атрибуттарын беріңіз.

6. Әр құрылған объектілерге қарама қарсы тізімінің Атау бағанында өзендер

мен бұлақтардың атауын енгізіңіз.

7. Реки кестесіне өзгерістерді сақтаңыз.

8. Кестені ораңыз және оны тізім мен карталы экранға енгізіңіз.

Кестедегі мәліметтерді жаңарту

Кестелермен жұмыс жасауда маңызды операция болып мәліметтерді жаңарту мүмкіндігі табылады. Ол құрылған графикалық объектілер мен басқа кестелердегі мәліметтердің негізінде кестені автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді.

1. КЕСТЕ >БАҒАНАНЫДЫ ЖАҢАРТУ бұйрығын орындаңыз. «Бағананы жаңарту» сұхбат терезесі шығады (сурет 7).

 

7-сурет - «Бағананы жаңарту» сұхбат терезесі

 

2. Жаңарту жүргізілетін «Реки» кестесін таңдаңыз.

3. Жаңартылатын бағананы таңдаңыз – Номер.

4. Кестеден шығару мәні жолында «Реки» кестесін көрсетіңіз.

5. Мән жолына rowid мәнін енгізіңіз. ОК басыңыз. Бағдарлама әр жолына

6. Реттік номерді меншіктеу арқылы Номер бағанасы жаңарады.

 

Кестедегі мәліметтерді жаңартудың басқа жағдайын қарастырайық.



1. КЕСТЕ>БАҒАНАНЫДЫ ЖАҢАРТУ бұйрығын таңдаңыз. «Бағананы

жаңарту» сұхбат терезесі шығады.

2. Жаңарту жүргізілетін Реки кестесін таңдаңыз.

3. Жаңартылатын бағананы таңдаңыз – Ұзындық.

4. Кестеден шығару мәні жолында Реки кестесін көрсетіңіз.

5. Өрнекті құрастыру үшін сұхбат терезесіндегі ҚҰРАСТЫРУ батырмасын басу арқылы көмегіне жүгініңіз. «Өрнек» сұхбат терезесі шығады (сурет 8).

8-сурет - «Өрнек» сұхбат терезесі

 

6. Өрнекті құрастыру үшін Функция тізімін қолдаңыз. ObjectLen файылын таңдаңыз. Өрнекті құрастыру терезесінде ObjectLen (obj, «mi»)шығады.

7. «mi» -ді «кm»-ке алмастырыңыз. ОК басыңыз. Құрастырылған өрнек Мән жолына шығады.

8. ОК басыңыз. MapInfo бағананы өзендер мен бұлақтардың сіз сан берген ұзындықтарының мәнімен автоматты түрде толтырады.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал