Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Объектілер пішімін өзгерту.




Бұл жағдайда егер векторлеу кезінде дәлсіздіктер жіберілген болса, онда оларды ФОРМА құралының көмегімен жөндеуге болады.

1. Картадан қажетті объектіні таңдаңыз.

2. ПЕНАЛ панелінен ФОРМА құралын таңдаңыз. MapInfo Форма режиміне өтеді және полисызықтың екі сегменті қиылысатын барлық нүктелерде түйіндерді көрсетеді. Объект түрін түйіндерді орын ауыстыру, қосу немесе кетіру арқылы өзгертуге болады.

3. Түйінді орын ауыстыру үшін, оны белгілеп және тышқанның сол батырмасын жібермей жаңа орынға қозғалтыңыз. Ортақ түйіндері бар полисызықтар сегменттері сәйкесінше қайта салынатын болады.

4. Түйін қосу үшін ПЕНАЛ панелінен ТҮЙІН ҚОСУ құралын таңдаңыз, курсорды жаңа түйінді орналастырғыңыз келетін жерге орналастырыңыз және тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. MapInfo басқа түйіндер секілді орын ауыстыруға немесе кетіруге болатын түйінді қосады.

Түйіндерді қиыстыру.

Түйіндер тек ғана объектілердің пішімдерін өзгерту үшін қолданылмайды, сонымен қатар бір біріне қатысты оларды теңестіру үшін де қолданылады. MapInfo-та бұл үдіріс Түйіндерді қиыстыру деп аталады.

1. БАПТАУ >РЕЖИМДЕР>КАРТА ТЕРЕЗЕСІ бұйрығын орындаңыз.

«Карта терезесінің режимдері» сұхбат терезесі шығады (сурет 15).

2. Қиылысу радиусы шамасына 5 пиксел тағайындаңыз. ОК басыңыз.

3. Пернелер тақтасындағы S пернесін басу арқылы түйіндерді қиыстыру

режимін қосыңыз.

4. Режимді қосқаннан кейін MapInfo бір объектіні басқа объектінің сәйкес

түйіндерімен, егер олардың арасындағы қашықтық қиысу радиусы шамасынан кіші болса автоматты түрде түйіндерді қиыстырады.

5. S пернесін қайта басу түйіндерді қиыстыру режимін сөндіреді.

 

6-сурет - «Карта терезесінің режимдері» сұхбат терезесі

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.006 сек.)Пожаловаться на материал