Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Терминдер мен анықтамалар




 

Осы дипломдық жобада сәйкесінше анықтамалармен төмендегі терминдер қолданылады:

Электрқондырғы - электрлік энергияны тарату, беру, трансформациялау, өндіру және энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған қосымша құрылғылар мен электрберіліс желілерінің, аппараттардың, машиналардың жиынтығы.

Электрлік станция - электрлік энергия өңделетін кәсіпорын.

Электрэнергияның қабылдағышы - электрэнергияны энергия көзінен алатын және оны механикалық, жылулық, химиялық, жарықты энергияға, электрстатикалық және электрмагнитті өрістің энергиясына түрлендіретін, өндірістік қондырғының электрлік бөлігі.

Электртұтынушы - электрмен тұтынудың жалпы пунктіне электрлі тораптардың көмегімен жалғанған кәсіпорынның, корпустың, цехтың өндірістік қондырғыларының электрқабылдағыштар жиынтығы.

Электрлік торап - белгілі территорияда жұмыс істейтін, электрберіліс желілерімен жалғанған, тарату құрылғыларынан және қосалқы станциялардан тұратын, электрэнергияны тарату мен беру үшін арналған электрқондырғылардың жиынтығы.

Объектіні электрмен жабдықтаудың жүйесі - электрмен жабдықтау объектісінің электрлі торабы, электрлі жүйенің жалғасы болып келеді. Объектіні электрмен жабдықтау жүйесі ЭБЖ мен электрқабылдағыштарды, тарату пунктерін, төмендеткіш және түрлендіргіш қосалқы станцияларды біріктіреді.

Қосалқы станция - электрэнергияны қабылдау, түрлендіру және тарату трансформаторларынан немесе басқа электрэнергия түрлендіргіштерінен, тарату құрылғыларынан, өлшеуіш, қорғаныс, басқару құрылғыларынан және қосымша құрылғылардан тұрады.

Қысқа тұйықталу - әртүрлі фазаға қатысты ток өткізгіш бөліктер арасындағы қалыпты режиммен қарастырылмаған тұйықталу.

Қорғаныстың сезгіштігі - электрмен жабдықтау жүйесі жұмысының минималды режимдерінде мүмкін зақымдануларды қорғаныстың сезіну қабілеттілігі.



Қорғаныстың жалған іске қосылуы - электрмен жабдықтау жүйесінде зақымданулар болмағанда қорғаныстың іске қосылуы.

Жерге тұйықталу - қалыпты режиммен қарастырылмаған ток жүретін бөліктердің жерге тұйықталуы.

Токты қорғаныс - әсер етуші шамасы ток болып келетін қорғаныс.

Белгілер және қысқартулар

 

Осы дипломдық жобада төмендегі қысқартулар қолданылады:

 

ПУЭ – ЭОТ (электрорнатылымдарын орнату тәртібі)

ТПБ – ҚТТ (қауіпсіздік техникасының талаптары)

ТБ – ҚТ (қауіпсіздік техникасы)

СЭС – ЭҚЖ (электр қамту жүйесі)

ЛЭП – ЭЖЖ (электр жөнелту желісі)

КРУ – КРҚ (кешенді реттемелеу құрылғысы)

КТП – КТҚС (кешенді трансформаторлық қосалқы станция)

ИБП– ИБП (имектеулі болат балқытатын пеш)

КЗ – ҚТ (қысқаша тұйықталу)

ЭДС - ЭҚК – (электр қозғалтушы күш)

ВЛ и КЛ – ӘЖ және КЖ (әуе желісі мен кабель желісі)

ОРУ – АРҚ (ашық реттемелеуші құрылғылар)

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал